Жоғарғы сот Тоғаевтың өтінішін қанағаттандырған жоқ
Жоғарғы сотта өмір бойына бас бостандығынан айырылған А.Ж.Тоғаевқа қатысты қылмыстық іс кассациялық тәртіпте қаралды.
Биыл ақпан айында өмір бойына бас бостандығынан айырылған Тоғаев өзіне қатысты сот актілерін қайта қарау, сондай-ақ жазалау шарасына дау айтып өтінішхат берген.
Алайда сот алқасы сот актілерін өзгеріссіз қалдыру туралы шешім шығарып, Тоғаевтың өтінішхаты қанағаттандырылған жоқ.
Еске салайық, Тоғаев 2014 жылы бірнеше ауыр қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, сот үкімімен өмір бойына бас бостандығынан айырылған:
Одан бөлек, Тоғаев кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтарға қарулы шабуыл жасау мақсатында қылмыстық топ құрып, сыбайластарымен бірге ерлі-зайыптылардың үйіне басып кіргені анықталды.
Сосын жәбірленушіні өлтіріп, одан кейін оның әйелін байлап, ауыр дене жарақатын келтіріп, олардан бар ақша мен бағалы заттарды беруді талап еткен. Сұрағанын алған соң олар қылмыс орнынан бой тасалаған.
Тоғаевтың кінәсі сотталғандардың мойындауымен, жәбірленушінің, куәгерлердің айғақтарымен, сот-медициналық-биологиялық сараптамалардың қорытындысымен, оқиға болған жерді қарау нәтижесімен, тәркілеумен ішінара дәлелденді.
Өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі тағайындалған жаза жасалған іс-әрекеттердің қоғамға қауіптілігін, әрекетінде қылмыстың қауіпті қайталануын құрайтын бұрын сотталған Тоғаевтың жеке басын және соңғысының аса белсенді қылмысты рөлін ескере отырып, заңды, негізді және әділ, - делінген Жоғарғы сот мәлімдемесінде.