Күдікті екі ай мерзімге қамауға алынды
Астанада КамАЗ жүргізушісі полиция қызметкерлерінің көлікті тоқтату туралы бұйрығын елемей, қашып кетуге тырысқан. Содан кейін полицейлермен жаға жыртысқан. Аталға оқиға түсіп қалған видео әлеуметтік желіде тарады.
Оқиға бірнеше күн бұрын Нұр-Сұлтан қаласы маңында болған. 39 жастағы КамАЗ жүргізушісі полиция қызметкерлерінің көлікті тоқтату туралы бұйрығын елемей, қашып кетпек болған. Сондай-ақ, жүргізуші патрульдік көлікпен соқтығысып, тәртіп сақшыларына күш көрсеткен, – деп хабарлады елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша, қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 380-бабы, 3-бөлігі, 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Сот шешімімен күдікті екі ай мерзімге қамауға алынды.