×

«Алладан аян келген»: Түркістан тұрғыны әпкесімен бірге Меккеге велосипедпен аттанды (ВИДЕО)

Олар жай бара салғаннан, еңбекпен, қиындықпен жетеннің сауабы мол дейді

 Халық үні 29.04.2024 | 20:24

Түркістандық әпкелі-інілі Рысқұлбековтер Меккеге бару үшін велосипедпен жолға шыққан. Бұл туралы Turkistan телеарнасы хабарлады.

Телеарна мәліметінше, олар кеше Төрткүл ауылынан шыққан. Жолдарына шағын азық пен қалың киімдер ғана алып, велосипедке тиеп кете барыпты.

Олардың айтуынша, қасиетті мекенге осылай жаяу бару керегі туралы Алладан аян келіпті.

Рысқұлбековтер шамамен екі айда Меккеге жетеміз деп отыр. Олар жай бара салғаннан, еңбекпен, қиындықпен жетеннің сауабы мол дейді.

Сондай-ақ, көрген кісілер де аман-есен жетулерін тілеген. Желі қолданушылар олардың әркетін құптаған.

«Осы дұрыс сияқты, бару жолы әділ қиындықтармен. Қазіргі кезде барып жатқандар ылғи шоу қылады, табыс көзі болып жатыр», - деп пікір қалдырған видеоға қатысты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама