Ол жәбірленушінің 1 млн теңгеден астам ақшасын иемденген
Астанада 27 жастағы курьер алаяқтығы үшін сотталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Облыстық прокуратураның мәліметінше, алаяқ телефон арқылы жәбірленушіге оның қызы жол апатын жасап, салдарынан адам қаза тапқанын және осы істі оң шешу үшін оған ақша аудару қажет екенін айтқан. Осылайша, жәбірленушінің 1 млн теңгеден астам ақшасын иемденген.
Осы іске қатысты елорданың 27 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол қылмыстық топтың ұйымдастырушыларын Telegram-арнасындағы хабарландыру арқылы тауып, олардың сыбайласы болуды шешкен. Сотталушы ақшаны алып, өзіне осы ақшаның 10%-ын қалдырып, қалған бөлігін белгісіз адамдардың есепшотына жіберіп отырған.
Сот үкімімен курьер жәбірленушілердің пайдасына материалдық шығынды өтеді. Үкім заңды күшіне енді.
Қылмыстық топтың басқа мүшелеріне, оның ішінде қылмысты ұйымдастырушыға қатысты қылмыстық іс жеке өндіріске бөлініп, оны анықтау және одан әрі қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша барлық шара қабылданып жатыр.
Астана қаласының прокуратурасы азаматтарды мұқият болуға және өзінің ақшасын бейтаныс адамдарға бермеуге, мұндай фактілер туралы дереу полицияға хабарлауға шақырады.