Halyq Uni логотип
×

Қазақстанда паспорттың кімдерге тегін берілетіні анықталды

Шекарада келеңсіз жағдайға тап болмас үшін төлқұжаттың мерзімі аяқталмаса да ауыстыру қажет

 Еркеғали Болатұлы 02.06.2022 | 17:13
Қазақстанда паспорттың кімдерге тегін берілетіні анықталды
фото: KAZ.NUR.KZ

«Азаматтарға арналған үкімет» МК бірқатар санаттағы азаматтардың паспортты тегін рәсімдей алатынан хабарлады.

Шетелге шығарда әрбір баланың жеке паспорты болуы қажет. Ал бұл құжат ХҚО-да 12 жасқа толмаған балалар үшін әр 5 жыл сайын рәсімделеді.

Кейде балалар өскен сайын түрі де өзгереді. Мұндайда шекарада келеңсіз жағдайға тап болмас үшін төлқұжаттың мерзімі аяқталмаса да ауыстыру қажет. Ата-анасының бірі шетел азаматы болса, оның нотариалды куәландырылған келісімі керек.

Сонымен, балаларға паспорт алу үшін керекті құжаттар тізімі:

- Туу туралы куәлігі (құжаттарды ресімдеген кезде баланың болуы міндетті);

- ата-анасының бірінің жеке куәлігі;

- баланың фотосуреті (оны ХҚО-да жасауға болады);

- баж төлемі туралы түбіртек (8 МРП).

Одан бөлек, паспортты «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, мүгедектер, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ белгілі бір жеңілдігі бар санаттағы азаматтар тегін алады. Қосымша ақпаратты 1414 нөмірі бойынша білуге болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама