Полиция интернет-алаяқтардың бет-әлпетін көрсетті

Еркеғали Болатұлы

Енді азаматтардың алаяқтарды көзбен көріп, олармен диалогқа түспеуі өте маңызды

фото: Алматы қаласының ПД

Алаяқтар үнемі алдау схемаларын ойлап тауып, сенгіш азаматтардан пайда көреді. Мәселен, жақында ғана олар өздерін тәртіп сақшыларымыз деп таныстырып, ірі арнайы операциямен айналысып жатырмыз деп мәлімдеген.

Алматы қалалық полиция департаменті ауқымды арнайы іс-шара жасап жатырмыз деп өздерін жиі тәртіп сақшылары ретінде таныстыратын танымал алаяқтардың жүздері бейнеленген фотоколлаж дайындады.

Алматы полициясы, қазір интернет-алаяқтық деректері жиілеп кеткенін ескертеді. Онда күдіктілер WhatsApp мессенджерінде аккаунт ашып, аватарларына мемлекеттік мекеме немесе жеке ұйым басшысының суретін қойып, «ҚР ҰҚК кенеттен тексеріп жатыр» деген сылтаумен аңқау жұртқа үшінші тұлғалардың әртүрлі шоттарына шұғыл ақша аудару қажеттігі туралы жазады. Сондықтан азаматтардың алаяқтарды көзбен көріп, олармен диалогқа түспеуі өте маңызды, – деді Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Қуатбек Науатов.