×

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қайта қамауға алынды

Соттың шешіммен бұлтартпау шарасы 24 маусымға дейін ұзартылды

 Дастан Жұмабекұлы 02.06.2022 | 16:33
фото: lada.kz

Маңғыстау облысының соты облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязовты бір айға қамау мерзімін ұзартты.

Бұл туралы Lada.kz Маңғыстау облысының сотына сілтеме жасап хабарлады.

Порталдың хабарлауынша, Маңғыстау облысының әкімдігі Ғалымжан Ниязовтың 25 мамырдан бастап жұмыста болмағаны туралы мәлімет берді. 

Ал сот Ниязовты үй қамауына алу мерзімі ұзартылғанын мәлімдеді.

Ақтау қаласының мамандандырылған тергеу сотының шешімімен Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязовқа қатысты үйде қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы 2022 жылғы 24 мамырдан 24 маусымға дейін ұзартылды, – деп хабарлады сот.

Бұған дейін хабарланғандай, Ғалымжан Ниязов 24 мамырда Ақтау қалалық мамандандырылған тергеу сотының 17 сәуір, 27 сәуір және 17 мамыр күндері күшіне енген шешімдері негізінде жұмысқа қайта оралды. Сонымен қатар, әкімнің орынбасарының одан әрі қызмет етуі сот шешіміне байланысты болатыны айтылды. Ол дәл бір аптадан кейін өзгерді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама