Шешім қабылдау үшін материал сотқа жіберілді
Маңғыстау облысының полиция департаменті лифтте әйелді ұрған күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді.
Оқиға 27 сәуірде болған. Видеодан ер адамның лифттен шығып бара жатқанда әйелді жұдырықтап, аяусыз тепкінің астына алғанын көруге болады.
Ер адам отбасындағы жанжал үшін жауапқа тартылды. Шешім қабылдау үшін материал сотқа жіберілді, - деп хабарлады полиция өкілі.
Жалпы, мұндай құқықбұзушылықтар үшін 5 тәулікке дейін қамауға алу шарасы қарастырылған.