Halyq Uni логотип
×

Ресейдегі лаңкестікке қатысы бар деген күдікпен тағы бір адам қамалды

Осымен тергеуге 12 адам алынып отыр

 Еркеғали Болатұлы 28.04.2024 | 15:20
Ресейдегі лаңкестікке қатысы бар деген күдікпен тағы бір адам қамалды
фото: Мәскеу жалпы юрисдикция сотының баспасөз қызметі

РФ Мәскеу облысында болған Crocus City Hall-дағы теракт ісі бойынша 12-айыпталушы Джумохон Курбонов лаңкестерді байланыс пен ақшамен қамтамасыз етті деген күдікке ілінді, деп хабарлады Мәскеудегі Басманный сотының баспасөз қызметі.

Тергеу деректері бойынша, Курбоновқа лаңкестік әрекетті дайындауға қаражат бөлу, оның ішінде қатысушыларды байланыс құралдарымен қамтамасыз ету және олар үшін жүйелі төлем жасау міндеті жүктелген, - делінген хабарламада.

Кейін Тәжікстанның Сыртқы істер министрлігі өз азаматтарына жақын арада Ресейге бармауды ұсынған. Алайда дипломаттар мұндай ұсыныстың себебі туралы ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Қазір осы оқиғаға байланысты, Ресейде тұратын Орталық Азиядан келген көптеген мигрант кемсітушілік пен агрессияға тап болып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама