Болат Назарбаевтың ұлы қызметінен не себепті кетті? - антикор жауап берді
Ол антикорда 7 жылдай жұмыс істеген
Антикор Orda.kz тілшісіне Болат Назарбаевтың ұлы Ербол Назарбаев қызметінен кетті деген ақпаратты растап, оның не себепті кеткенін айтқан.
Сонымен, Ербол Назарбаевтың антикор қатарынан кеткені және оның Болат Назарбаевтың ұлы екені расталып отыр. Бөлім ұсынған мәлімет бойынша, оның қызметтен кетуінің қаңтар оқиғасына еш қатысы жоқ.
14 сәуірден бастап Ербол Болатұлы Назарбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен өз еркімен кетті, - делінген агенттік аппаратының басшысы Арман Хасеновтің жауабында.
Былтыр жыл соңында Болат Назарбаевтың ұлының қалай ұсталғаны есіңізде ме? Жүргізуші 1995 жылы туған Ербол Назарбаев екені хабарланды. Көлік те Ербол Назарбаевқа тиесілі. 26 қаңтарда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұйрығымен Ербол Болатұлы Назарбаев видеодағы әрекеті үшін агенттіктің арнайы департаменті басшысының орынбасары қызметінен босатылды.
2022 жылғы 14 сәуірде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарынан шығарылды.
Ербол Назарбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті төрағасының орынбасары қызметіне 2020 жылдың қараша айында тағайындалған.