Күдікті өзін шенеуніктің туысы ретінде таныстырған
Бірнеше рет аса ірі мөлшерде алаяқтық әрекеттер жасағаны үшін қала тұрғыны 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қылмыскер өзін жоғары лауазымды шенеуніктің туысы ретінде таныстыра отырып, жәбірленушілерге қаржы ұйымынан есептен шығарылған, өкілдік санаттағы автокөліктерді нарықтан төмен бағамен сатып алуды ұсынған. Осылайша, ол сотталған жәбірленушілердің 37 млн теңгеден астам қаражатын иемденген.
Прокурор сотталушының бастапқыда автокөліктерді сатып алу ниеті болмағанын, ол өзінің нұсқасын жәбірленушілерден барынша пайда алу үшін ойлап тапқанын дәлелдеді.
Жәбірленушілердің азаматтық талап-арыздары қанағаттандырылды.
Үкім заңды күшіне енді.