Ол қарызға белшесінен батқан
Павлодарда есірткіні жасырумен айналысқан жас жігіт 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
2023 жылғы маусымда 19 жастағы павлодарлық жұмыс іздеген. Ол бәс тігіп, қарызға белшесінен батқан. Осылайша, лудоман интернеттегі бір сайттан жұмыс тауып, оңай жолмен ақша табуға кіріскен. Ол есірткіні жасырумен (закладчик) айналысқан.
Күдіктіні полиция есірткіні жасырып жатқанда ұстады. Тексеріс барысында оның күртешесінің қалтасынан 18 грамнан аса психотропты зат тәркіленді. Соттың үкімімен есірткі сатумен айналысқан жас жігіт 10 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп жазылған хабарламада.