Air Astana әуекомпаниясының баспасөз қызметі түсінік берді
Алматыда Air Astana әуекомпаниясының ұшқышы әуежайда есірткіге мас күйінде ұсталды.
Аталған жағдайға Air Astana әуекомпаниясының баспасөз қызметі түсінік берді.
23 сәуірде Алматы әуежайында жолаушы ретінде ұшып бара жатқан әуекомпанияның ұшқышы есірткіге мас болған, – делінген хабарламада.
Ұшқыш жұмыстан шеттетілген. Қазір полиция осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.