×

Алматы әуежайында есірткі тұтынып алған ұшқыш ұсталды

Air Astana әуекомпаниясының баспасөз қызметі түсінік берді

 Еркеғали Болатұлы 25.04.2024 | 17:55
фото: bangkokbook.ru

Алматыда Air Astana әуекомпаниясының ұшқышы әуежайда есірткіге мас күйінде ұсталды.

Аталған жағдайға Air Astana әуекомпаниясының баспасөз қызметі түсінік берді.

23 сәуірде Алматы әуежайында жолаушы ретінде ұшып бара жатқан әуекомпанияның ұшқышы есірткіге мас болған, – делінген хабарламада.

Ұшқыш жұмыстан шеттетілген. Қазір полиция осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама