×

Қызылша жұқтырғандардың саны 2 есе азайды – бас санитар

Ауруға қарсы екпе алмаған балаларға вакцина салынады

 Дәурен Ерболат 25.04.2024 | 17:39
фото: gov.kz

Бүгінде қызылша жұқтырғандардың саны 2 есе азайды. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі – Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, бүгінде қызылшаны жұқтыру дерегі әлі тіркеліп жатыр.

Бүгінде шамамен 1,4 млн адам қызылшаға қарсы екпе алды. Бұл – 5 жасқа дейінгі балалар. Ал 18 жасқа дейін вакцина алмаған балаларды егу жұмысы жалғасып жатыр. Мұның бәрі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруда өз нәтижесін берді, - деді Айжан Есмағамбетова Сенаттың жалпы отырысынан соң.

Бас санитар дәрігер қазір ауру жұқтырғандардың саны айтарлықтай төмендегенін жеткізді.

«Мысалы, былтыр желтоқсанда қызылша жұқтырудың ең жоғары көрсеткіші тіркелсе, қазір ауруды жұқтыру көрсеткіші өткен аймен салыстырғанда орта есеппен 30% төмендеді. Ауру жұқтыру көрсеткіші тіркелген ең жоғары айды ескерсек, қазір қызылшаны жұқтыру 2,2 есе төмендеді», - деді вице-министр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама