×

«Тіл-Қазына» Оксфордпен бірге заманауи тіл бағдарламасын жүзеге асырмақ

Меморандум аясында қазақ тілін дамыту бойынша бірнеше жобаны іске қосу жоспары бар

 Халық үні 25.04.2024 | 12:45
фото: "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми практикалық орталығы

24 сәуірде Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмеронның Астанаға ресми сапары аясында қазақ тілін үйрену және Қазақстанда британдық жоғары оқу орындарының филиалдарын ашуға бағытталған меморандумдарға қол қойылды.

Меморандум аясында «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми практикалық орталығының да өз әлеуетін көрсетер іргелі іс-шаралар жасау көзделген. Тіл оқыту бағдарламасын жүзеге асыру және қазақ тілін дамыту бойынша кітап шығару, тіл лабораторияларын құру деген сияқты бірнеше жобаны іске қосу жоспары бар.

Бұл кешенді келісім А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Ш.Шаяхметов атындағы «Til Qazyna» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ және Оксфорд университеті арасында жасалған Оксфорд университетінде қазақ тілін оқыту бағдарламасын іске қосу туралы меморандумды да қамтиды. Бағдарлама Oxford Birsöz initiative CIC бастамасы арқылы әртүрлі колледждермен және факультеттермен ынтымақтастықты қамтиды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама