Қайырымдылық шарасына Қазақстанның ұлттық әуе компаниясы қолдау көрсетті
Таяу күндері Оңтүстік Кореядан Қазақстанға алғашқы гуманитарлық жүк келеді, деп хабарлады 24KZ.
Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға резеңке қайықтар мен аяқ киімдер, оқу құралдары жіберіледі. Бұл заттар Оңтүстік Кореяда тұратын қазақстандықтардың қаражатына сатып алынған.
Қайырымдылық шарасына еліміздің ұлттық әуе компаниясы қолдау көрсетті. Ол гуманитарлық жүкті Инчхоннан Алматыға тегін жеткізеді. Қазір жерлестеріміз арнайы есепшот ашып, қаражат жинауды жалғастырып жатыр.
Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, алыста жүрген біз де бейжай қалмай, елге кішкене болса да көмек көрсетсек деген ниетте болдық, - дейді Пусан қаласындағы ҚР Бас консулдығының қызметкері Балнұр Айтбаева.