Алматыда лаундж-бардың 21 жастағы қызметкері ұсталды
Қазір тергеу жүргізіліп жатыр
Алматыда ҰҚҚБ арнайы операция жүргізді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қала прокуратурасының бастамасы бойынша ҰҚҚБ қызметкерлері қаланың түнгі ойын-сауық орындарының бірінде есірткі заттарын таратудың жолын кесті.
Арнайы операция нәтижесінде жұмыс орнында синтетикалық «мефедрон» есірткісін сатқан лаундж-бардың 21 жастағы қызметкері (кальяншы) ұсталды.
Қазір тергеу жүргізіліп жатыр.