×

Заңсыз күзет қызметімен айналысқандар 200 млн теңгеден астам пайда тапқан

Адам ең көп баратын 12 ойын-сауық мекемесіне тексеру жүргізілді

 Динара Амантай 25.04.2024 | 10:20
Фото: polisia.kz

Павлодар облысында ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі жедел уәкілдері қаланың ойын-сауық мекемелерінде рұқсат құжаттарынсыз қауіпсіздікті қамтамасыз ету және фейс-бақылау бойынша заңсыз күзет қызметін іске асырған қала тұрғындарын анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Тергеу барысында қатысушылардың қаланың 12 ойын-сауық орындарында заңсыз күзет қызметін ұйымдастырғаны анықталды. Онда олар маргиналдық жастар қатарынан, спорттық дайындықтан өткен, біліктілік талаптары жоқ, күзет ретінде жұмысты іске асыру үшін жас жігіттерді жинаған. Алайда олармен еңбек шарттары жасалмаған. Заңсыз күзет қызметі фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деді Павлодар облысы ПД ҰҚКБ бастығы Ғабит Қабдрахманов.

Өңірде адам ең көп баратын 12 ойын-сауық мекемесіне тексеру жүргізу барысында күзет қызметін іске асыратын 30-ға жуық адам, оның ішінде заңсыз күзет агенттігінің ұйымдастырушылары полицияға жеткізілді. Полицияның пайымдауынша, заңсыз күзет қызметінен түскен табыс ұйымдастырушыларға 200 млн теңгеден астам табыс әкелген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама