Halyq Uni логотип
×

Алматы мен Қызылордада бір айда бірнеше адамды кене шаққан

Биыл конго-қырым безгегінің ошағы саналатын елді мекендердің саны артқан

 Еркеғали Болатұлы 25.04.2024 | 09:29
Алматы мен Қызылордада бір айда бірнеше адамды кене шаққан
фото: svekrovi.net/pests-and-insects

Алматы қаласында бір ай ішінде кене шаққан 214 азамат дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Олардың жартысынан көбі – бала. Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Бұл ретте қауіпті жәндіктен зардап шеккен тұрғындардың бірде-бірінен конго-гемморагиялық қызбасы анықталмаған.

Жалпы, кенеден келетін қауіп оңтүстік өңірлерде күшейген. Әсіресе, Қызылорда облысында ауа райы күрт жылынғандықтан, зиянкестер ерте оянған. Оның үстіне өңірде биыл конго-қырым безгегінің ошағы саналатын елді мекендердің саны артқан. Қазір санитар мамандар залалсыздандыру жұмыстарына белсене кіріскен.

Ал көктем басталғалы жалпы өңірде 72 тұрғынды кене шағып, медициналық көмек алыпты. Зиянкес жәндіктен зардап шеккендердің дені – қала тұрғындары. Сондықтан ақ халаттылар қауіпті жәндік шаққан жағдайда, өз бетінше ем жасамай, бірден ауруханаға келу керектігін ескертеді.

Қызыордада қазірге дейін кене шаққан 54 адам тіркелді. Олардың бәрі медициналық көмекке жүгінген. Олар амбулаториялық ем қабылдап жатыр. Аймақтағы емханаларда 14 күн бақылауда болады. Конго-гемморагиялық қызбасына күдіктілер тіркелген жоқ, – деді Қызылорда қалалық санитария-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы Айгүл Мусиева.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама