Қарыз көлемі 6 миллион теңгеден асқан
Алматы қаласының полицейлері 7 жыл бойы балаларына алимент төлеуден жалтарған қала тұрғынын ұстады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Бұл ретте ер адам алимент төлеу туралы сот шешімін елемеген.
Балаларына алимент бойынша қарыз көлемі бүгінге дейін 6 миллион теңгеден асты. Біздің бөлімше қызметкерлері ер адамды ұстады және өз құзыретіне сәйкес, қарызды өндіру туралы сот шешімін одан әрі орындау үшін жеке сот орындаушысына берілді, – деді Алматы қаласы ПД көші-қон қызметі басқармасының басшысы Асхат Бутунчинов.