Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды
«Кедергісіз қала» пилоттық жобасын іске асыру аясында Маңғыстау облысының прокуратурасы мүгедектігі бар адамдарды қайыр сұрауға мәжбүрлеп, оларды заңсыз ұстау фактісін анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Аталған заңсыз әрекеттердің жолын кесу мақсатында облыс прокуратурасының үйлестіруімен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бірқатар жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізіп, оның нәтижесінде кеше Ақтау қаласының аумағында құқықбұзушылық жасауға қатысы бар азаматтар ұсталды.
Аталған факті бойынша полиция департаменті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 128-бабы 2-бөлігі 1, 6-тармақтарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, – делінген прокуратура хабарламасында.
Тергеу құпиялылығына байланысты, өзге ақпарат жарияланбайды.