Жамбыл облысында жолды сел шайып кетті (ВИДЕО)

Дәурен Ерболат

Су Күйік асуы мен Теріс Ащыбұлақ су қоймасы аралығында су қоймасына қарай аққан

Скрин видео

Жамбыл облысында нөсер жаңбыр салдарынан сел жүрді, деп хабарлады облыс әкімінінің баспасөз қызметі.

Баспасөз хатшысы Жанғазы Ахметтің айтуынша, Күйік асуында бұршақ аралас қатты жауын жауған.

23 сәуірде сағат 14:35 шамасында сел жүріп, су Күйік асуы мен Теріс Ащыбұлақ су қоймасы аралығында су қоймасына қарай аққан. Жолды су шайды. Елді мекенге және инфрақұрылым нысандарына қауіп төнген жоқ, - деді Жанғазы Ахмет.

Әлеуметтік желіде жолды су шайғанын көруге болады.

Бұған дейін Жамбыл облысындағы өзендерде де су деңгейі көтерілуі мүмкін екені хабарланған.