Ол бизнесіне негізсіз қысым жасалып жатқанын айтты
Белгілі қоғам белсендісі, кәсіпкер, «Ұлттық мүддені қорғау кеңесі» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асқар Омар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады.
Үндеу журналист Ербол Мәндібектің Facebook-тегі парақшасында жарияланды.
Кәсіпкер үндеуде Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновке қатысты мәселе көтерген. Атап айтқанда, Асқар Омар өзінің саяси көзқарасы үшін бизнесіне қарсы негізсіз қысым жасалғанын айтқан.
Бұған дейін Асқар Омар билікке нақты талаптар қою мақсатында еліміздегі саяси белсенділердің басын қосып, екі мәрте Республикалық құрылтай өткізген болатын.
Содан бері Нұр-Сұлтан қаласының билігі сыныққа сылтау іздеп, мені «сындырудың» түрлі амалын қарастырып келеді, -дейді ол.
Күні бұрын оның Сембинов көшесі, № 38 мекен-жайы бойынша орналасқан «Сарыарқа» серіктестігінің электр қуатын еш негізсіз қиып кеткен.
Менің электр қуаты бойынша қалалық билікке ешқандай қарызым жоқ, рұқсат етілген норманы қолданып жатырмыз, -деді кәсіпкер.
Осыған байланысты ол Президентке үндеу жолдап, қала билігіне шара қолдануды сұрады.
Кәсіпкер жүзден астам адам жұмыс істеп жатқан бизнес орталыққа Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінен электр қуатын кешке дейін берсін деп талап етті.