Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр
Павлодар облысында көлік аударылып, жүргізуші көз жұмды, деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Қайғылы оқиға 22 сәуірде Аққулы ауданының Омбы-Майқапшағай автожолында болған. Chevrolet Cobalt жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік жол жиегіне аударылды. Жүргізуші ауруханаға жатқызылғанына қарамастан, алған жарақатынан қайтыс болды, – делінген хабарламада.
Сараптама тағайындалды, тексеру жүргізіліп жатыр.