×

Павлодар облысында көлік апатынан жүргізуші көз жұмды

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр

 Дәурен Ерболат 23.04.2024 | 15:55
Фото: uznews.uz

Павлодар облысында көлік аударылып, жүргізуші көз жұмды, деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиға 22 сәуірде Аққулы ауданының Омбы-Майқапшағай автожолында болған. Chevrolet Cobalt жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік жол жиегіне аударылды. Жүргізуші ауруханаға жатқызылғанына қарамастан, алған жарақатынан қайтыс болды, – делінген хабарламада.

Сараптама тағайындалды, тексеру жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама