×

Астанада G-Park компаниясы 7 тұрғын үй кешенін заңсыз салып жатыр – Үкімет басшысы

Нысанға шамамен 3,5 мың адам ақша салған

 Дәурен Ерболат 23.04.2024 | 15:15
фото: Halyq Uni

Бүгінде елордада G-Park компаниясы 7 тұрғын үйді заңсыз салып жатыр. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қазір Қазақстан бойынша 39 проблемалық нысан бар. Олардың құрылысы ұзаққа созылып кеткен.

«Мысалы, Ақтөбе облысында 11 нысан бойынша алданған үлескерлер 2 жылдан бері соттасып келеді.

Астанадағы «Араби-2 – Гранитный-2» тұрғын үй кешені 10 жыл бұрын проблемалық нысан деп танылған. 200-ге жуық отбасы үйлерін ала алмай отыр. Елордада G-Park компаниясы рұқсат құжаттарын алмастан 7 тұрғын үй құрылысын салып жатыр. Ал оған 3,5 мыңға жуық отбасы ақша салған. Атырау облысында проблемалық 39 нысан бар, - деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.

Өнеркәсіп министрлігінің мәліметінше, елімізде 340-тан аса тұрғын үй кешені заңсыз салынып жатыр. Премьер-министр аталған мәселені бақылауға алуға тапсырды.

Бұл – әкімдіктердің тарапынан жіберілген кемшіліктердің салдары. Өнеркәсіп министрлігі өңірлермен бірлесіп, 1 маусымға дейін салынып жатқан барлық объектіге құрылыстың заңдылығы мен құжаттарына ревизия жүргізуі қажет. Оның қорытындысы бойынша бір айдың ішінде осыған дейін қабылданған проблемалық объектілерді аяқтау жөніндегі жол картасын өзектендіру керек, - деді премьер-министр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама