Halyq Uni логотип
×

Құлсарыда 2,5 мыңға жуық үй әлі су астында – әкімдік

Қалада 3 мыңға жуық үй су астында қалған

 Дәурен Ерболат 23.04.2024 | 10:58
Құлсарыда 2,5 мыңға жуық үй әлі су астында – әкімдік
көрнекі фото: Halyq Uni

Құлсары қаласында 2,5 мыңға жуық үй әлі су астында. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов айтты, деп хабарлады Halyq Unі тілшісі.

Үкімет отырысында облыс әкімі өңірдегі жағдайға тоқталды.

«Құлсары қаласындағы жағдайға тоқталайын. Жем өзеніндегі су деңгейі азайып жатыр. Өзеннің тасуына байланысты 2920 үй су астында қалды. Ондағы суды сорып, тұрғындарды қауіпсіз аймаққа шығару жұмысы жүргізіліп жатыр.

Бүгінде 1 млн текше метрден астам су шығарылды. Нәтижесінде 518 үйді және 55 әлеуметтік нысанды су астынан шығардық. Қалған жұмыстар 24 сағат бойы жүргізіліп жатыр. Апта соңында осы жұмысты аяқтауды жоспарлаудамыз», - деді Серік Шәпкенов.

Облыс әкімінің айутынша, су астында қалған (қазір шығарылған – авт.) үйлер мен жерлерді дезифинциялау жұмысы басталған. Бұл жұмысқа әскерилер де тартылған.

Отырыста премьер-министр су тасқынына қатысты жалған ақпарат таратқан тұрғынданды жауапқа тартуды тапсырды.

Құлсары қаласы бойынша әлеуметтік желіде теріс ақпарат көп. Халықпен жұмыс істеу керек, ал арандатушыларды заң бойынша жауапқа тартыңыздар, - деді Олжас Бектенов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама