×

Құтқарушылардан 251 мың атыраулық көмек сұраған

Өңірде тасқынға қарсы шамамен 3 мың адам күресіп жатыр

 Дәурен Ерболат 22.04.2024 | 12:35
Фото: Мейірбек Тажқұранов

Биыл 4 сәуірден бастап жедел желіге 251 мыңға жуық атыраулық хабарласып, көмек сұраған. Бұл туралы Атырау облысының ТЖД ресми өкілі Айсұлу Келдіғалиева айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айутынша, 4 сәуірден бастап Жылыой ауданында төтенше жағдай жарияланған. Жем өзенінде судың деңгейі көтеріліп, көптеген тұрғын үй мен ғимаратты су басқан.

Бүгінде су сору жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ауданда 2 491 тұрғын үй мен нысан әлі су астында. Су тасқынына қарсы 2 961 адам, 110 техника, 4 жүзу құралы, 124 әртүрлі су сору құралы жұмылдырылды, - деді Айсұлу Келдіғалиева ОКҚ-да өткен брифингте.

Сонымен қатар табиғи апат басталғалы бері Жылыой ауданында 36 738 адам, оның ішінде 8 392 бала эвакуацияланған. 13 мыңнан аса бас мал қауіпсіз жерге айдалған.

Сондай-ақ Атырау облысында құтқарушылардан 250 мыңнан аса адам көмек сұраған.

Жалпы, төтенше жағдай департаментінде жедел желі іске қосылған. Бүгінде оған қоңырау шалған тұрғындардың саны 251 мың адамға жуықтады. Оның ішінде ақпарат алу үшін және үреймен хабарласқан тұрғындар да бар. Оларға ТЖД Апаттық медицина орталығының психологтары шұғыл психологиялық көмек көрсетіп жатыр, - деді ресми өкіл.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама