СҚО-ға 600 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жетті
Облыста тасқынның екінші толқыны жүріп жатыр
Солтүстік Қазақстан облысына 600 тоннаға жуық гуманитарлық көмек келді, деп хабарлады бүгін ОКҚ-да өткен брифингте облыс әкімі аппараты жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғау бөлімінің басшысы Серік Ғайсин.
Облысқа республика облыстарынан, сондай-ақ Омбыдан 576 тонна гуманитарлық көмек (азық-түлік, заттар және т.б.) келді, - деді ол.
15 сәуірден бері Ақмола облысынан келетін суға байланысты облыста тасқынның екінші толқыны жүріп жатыр.
Келтірілген материалдық шығынды өтеуге өтініштерді қабылдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінде 1 717 отбасы 100 АЕК көлемінде, жалпы сомасы 634 млн теңге болатын біржолғы төлемақы алды, - деді спикер.
Сонымен қатар ол қазір Сергеевский су қоймасының максималды деңгейінде екенін айтты.
Біз екінші толқынның шарықтау шегін 21-22 сәуірде күтеміз. Петропавл маңындағы бірінші толқын 21 сәуірде төмендейді, екінші толқын сәуір айының соңына қарай өтеді деп күтіліп отыр. Бұл ретте су басқан үйлер көбейеді деп ойламаймыз, – деді Серік Ғайсин.
Оның айтуынша, қазір өңірде барлығы 14 388 адам эвакуацияланып, 764 адам үйлеріне қайтарылған.