Рөлде келе жатқан әйел жанып жатқан көліктен шығып үлгерген
Капотының астынан жалын шыға бастаған көлік Назарбаев пен Шаяхметов көшелерінің қиылысына дейін жеткен, деп хабарлады Halyq Uni.
Алдын ала мәлімет бойынша, рөлде келе жатқан әйел жанып жатқан көліктен шығып үлгерген. Маңайдағы оқиға куәгерлері өрт сөндірушілерді шақырған.
Құрамында 12 адам мен 2 техникадан тұратын өрт сөндіру бөлімшелері келіп, отты сөндірді, - делінген Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.
Алайда өрт сөндірушілер қанша тырысқанымен, көлік түгел жанып кеткен.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Келтірілген материалдық шығын көлемі анықталып жатыр.
Көлік қысқа тұйықталудан өртенген болуы мүмкін.