Алматы облысында ірі есірткі зертханасы жойылды
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр
12 сәуірде ҰҚК Алматы облысы бойынша департаменті психотроптық заттарды өндіретін жасырын зертхана әрекетінің ұйымдастыруда күдікті ретінде Қазақстан азаматын ұстады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Тінту барысында 25 келіге жуық синтетикалық есірткі, 1 тонна прекурсор, зерхана құрылғылары, сондай-ақ шетелдік валютадағы ірі көлемде қаражат алынды.
Қылмыстық Кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Соттың санкциясымен ұсталған адамдарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.