×

Су тасқыны: 9 мыңға жуық адам эвакуацияланды

21494 адам үйлеріне оралды

 Динара Амантай 20.04.2024 | 10:26
Фото: Мейірбек Тажқұранов

Бүгін сағат 10:00-дегі ақпарат бойынша 9 мыңға жуық адам эвакуацияланды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, эвакуациялау пункттерінде 8786 адам, оның ішінде 3814 бала бар. 21494 адам үйлеріне оралды.

10,9 млн текше метрден астам еріген қар суы сорылып, 3,7 млн-нан астам қапшық пен 1,4 млн тонна инертті материал төселді. 4 534 тұрғын үй мен 2 763 аула аумағынан су бұрылды.

Жедел желі телефонына 2 036 қоңырау түсті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама