×

«Әр екінші отбасы аштықтан қиналады»: жамбылдық шаруалар суға зәру

Қазір мың гектардан аса жер бос тұр

 Еркеғали Болатұлы 02.06.2022 | 11:50
фото: ашық дереккөз

Жамбыл облысында бірнеше ауылдың тұрғындары 3 жылдан бері егістік суаратын су жоқ екеніне шағымданып отыр. Себебі жаңа арық салу кезінде ескісін жауып тастаған. Көпшіліктің айтуынша, биыл да су болмаса, әр екінші отбасы аштықтан қиналуы мүмкін.

Бізде екі арық бар. Біреуінің ұзындығы 11, екіншісі 16 шақырым болатын. Қазір екеуі де жабық. Егістігіміз, бау-бақшамыз қурап қалды. Барлығы біздің мәселені біледі, бірақ шара қабылдамайды, – дейді Бөлтірік шешен ауылының тұрғыны Әлжан Кебісбаев.

Су болмағандықтан қазір мың гектардан аса жер бос тұр екен. Тұрғындардың айтуынша, бастапқыда арық құрылысын тендері 2019 жылы ұтып алған түркиялық компания жүргізген. Бірақ онысы сапасыз болып шығып, бетоны опырылып жатқан көрінеді.

Қазір арықты басқа ирандық компания салып жатыр. Алайда ол тағы да сапасыз, – дейді Құдайберген Шонаев атты тұрғын.

Бүгінде келісімшартты бұзған Үкімет түрік компаниясымен соттасып жатыр.

«Білуімше, түркиялық компания 3 миллиард 750 миллион теңгеге тендер жеңіп алған. Бірақ құрылыс мерзімін созып жібергендіктен, келісімді бұзуға тура келді», – дейді «Қазводхоз» республикалық мемлекеттік кәсіпорын басшысы Қазыбек Бедебаев.

Енді ирандық компания өкілдері суды арық арқылы тек келесі жылдың күзінде жіберуге уәде беріп отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама