ШҚО полициясы 94 млн теңгенің ұрлығын ашты

Динара Амантай

Күдіктілер қамауға алынды

Фото: видеодан скриншот

Шығыс Қазақстан обылсының полициясы 94 млн теңгенің ұрлығын ашты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 5 сәуірде Өскемен қаласының ПБ-на ұрлық туралы хабар түскен. Жәбірленушілердің айтуынша, белгісіз біреулер кеңседегі сейфті бұзып кіріп, 94 млн теңгені ұрлап кеткен. Күдіктілердің қылмыс орнынан қашу жолын алдын ала дайындап, өзенге жетіп, үрлемелі қайықпен қаланың басқа аймағына өткені анықталды.

Бірнеше күннен кейін полицейлер 45 және 38 жастағы екі күдіктіні ұстады. Олар қамауға алынды. Қайық пен ұрланған ақша олардың тұрғылықты жерінен тәркіленді.

 Қосымша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.