Halyq Uni логотип
×

Ресей түрмелерінде 2 мыңға жуық қазақ баласы отыр – заңгер (ВИДЕО)

Оларды «Украинаға қарсы соғысқа барсаңдар, 7-8 жылды 1 жылға азайтамыз» деп үгіттеген

 Халық үні 19.04.2024 | 13:24

Красноярск қаласындағы түрмеде 100-ден аса, ал Ресейдің басқа қалаларындағы темір торда 2 мыңға жуық қазақ баласы отыр. Оларға есірткі таратты деген айып тағылған.

Жасөспірімдердің бәрі Ресейге жұмыс істеп, мол табыс табамыз деген үмітпен барған. Халықаралық заңгер Мейірман Шекеевтің айтуынша, «жұмыс берушілер» балаларды Telegram арнасы арқылы басқарған.

Ол балалар Telegram арналарындағы «қомақты табыс» туралы сілтемелер арқылы жұмыс тапқан. Алдымен оларды Қазақстанда ары-бері жұмсап, жалақасын үзбей беріп, әбден тексерістен өткізеді. Содан кейін «бұдан да көп табыс тапқың келсе, Ресейге кел, ұшағыңды, пәтеріңді төлейміз. Ұнамаса, қайтып кетесің» деп қызықтырған. Олар аптасына 500 мың теңге ұсынады. Солардың құрығына іліккен баланың бәрінің басында несие бар.

Біздің азаматтар Ресейге барған соң, ешкіммен тікелей кездеспейді, Telegram арқылы ғана сөйлеседі. Әуежайдан түскен соң, такси күтіп алады, пәтерге апарады. Сол пәтерден есірткі табылады, бала оның өзінікі емес екенін дәлелдей алмайды. Сөйтіп, темір торға тоғытылады», - дейді заңгер.

Оның айтуынша, үкім шыққан соң балаларды «Украинаға қарсы соғысқа барсаңдар, 7-8 жылды 1 жылға азайтамыз» деп үгіттеген. Кей бала соғысқа баруға келіскен. Кейбірі, тіпті, кетіп те қалған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама