Су тасқыны: 3 өңірде жағдай ушығуы мүмкін
Мұнда қар тез еріп жатыр
Ақмола, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарындағы өзендерде судың деңгейі көтеліп, арнасынан асуы мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Ысмағұлова айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Оның айтуынша, алдағы тәулікте Қазақстанның басым бөлігі антициклонның ықпалында болады.
Ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек күндіз солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыстағы таулы ауданда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады. Ал шығыс, оңтүстік-шығыста жаңбыр болып, найзағай ойнайды. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады. Таңертең және түнде солтүстік-батыс, шығыс және орталыққа тұман түседі, - деді Алина Ысмағұлова ОКҚ-да өткен брифингте.
Баспасөз хатшысы 3 өңірде өзендер арнасынан асып, жағдай ушығуы мүмкін деген болжам барын айтты.
Өткен тәулікте ауа райының қолайсыздығына байланысты Абай, Шығыс Қазақстан облыстарына 2 гидрологиялық ескерту жарияланды. 19-20 сәуір аралығында қардың тез еруіне байланысты 19-22 сәуірде таулы аудандарда сел жүріп, өзендердегі судың деңгейі көтеріліп, ондағы су шекті мөлшерден асады. Сондай-ақ Ақмола облысының Қорғалжын ауылы маңында Нұра өзеніндегі судың деңгейі көтеліріп жатыр. 4 сағатта онда судың деңгейі 6 см-ге артқан. Қазір өзендегі судың деңгейі шекті мөлшірден 5 см-ге асты.
Сондай-ақ Қорғалжын ауылындағы көпірді су басты. Ақмола облысында (өзендерде) судың деңгейі көтеріледі деген болжам бар», - деді ол.