Қаладағы сауда орындары тексеріліп жатыр
Астанадағы 5 ауданда полиция вейп пен насыбайдың заңсыз таралуын болдырмау үшін 900-ден аса сауда нүктесін тексерді, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.
Полиция департаментінің қызметкерлері аудан әкімдіктерімен бірлесіп, жерасты цехтарында насыбайды өндірудің 160-тан аса фактісін анықтады.
Байқоңыр ауданындағы С. Сейфуллин, Ж. Омаров, А. Иманов, Кенесары, А. Янушкеевич, Ш. Уәлиханов, А. Сембинов, Ә. Жангелдин, Отырар, М. Лермонтов көшелерінде және Алаш тасжолында 219 кәсіпкерлік нысанының насыбай мен снюсті заңсыз сату дерегі тексерілді. Рейдтер нәтижесінде 7 сату нүктесіне 25 АЕК (92 300 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.
Есіл ауданында шекпейтін темекі өнімдерін сатудың 23 фактісі анықталды. Оның ішінде насыбай саудасының 19 фактісі және кәмелетке толмағандарға вейптерді сатудың 6 фактісі тіркеліп, 25 АЕК (92 300 теңге) айыппұл салынды.
Сарыарқа ауданында 300-ден аса жеке кәсіпкерлік нысанына рейд жүргізілді. 60-тан аса заңбұзушылық анықталып, айыппұл сомасы 4 млн теңгеден асатын 30 келіге жуық насыбай тәркіленді.
Нұра ауданындағы Асфендияров көшесі, Әнет баба көшесі, Сығанақ көшесі, Р. Бағланова көшесі, Ұлы дала көшесі, Қайым Мұхамедаханов көшесі, Отырар көшесі, Е-15 көшесі және Үркер КЖК Исатай батыр көшесінде орналасқан 167 дүкенде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Рейдтердің қорытындысы бойынша 6 дүкенге айыппұл салынды.
Сондай ақ рейдтер нәтижесінде Алматы ауданында 57 заңбұзушылық анықталды:
Темекі өнімдері тәркіленіп, жойылды.