×

«Теракт болатын мектептер тізімі»: Астана полициясы тексеріс жүргізді

Қылмыстық жауапкершілік жөнінде ескерту жасалды

 Динара Амантай 19.04.2024 | 09:57
Фото: Halyq Uni

Әлеуметтік желіде белгісіз біреулер Астана қаласының мектептерінде де террорлық акті жасауды жоспарлап отырғанын жазып, мектептердің тізімі көрсетілген ақпарат таратқан болатын. Осыған байланысты елорда полициясы мәлімдеме жасады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция департаменті мессенджерлерде, соның ішінде Telegram-да қала мектептерінде терроризм қаупі туралы кең таралған жарияланым шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Білім беру ұйымдарын тиісті қызмет өкілдері тексерді. Тұрғындардан тыныштықты сақтауды және тек ресми ақпаратты ұстануды сұраймыз, – делінген қалалық ПД хабарламасында.

Сондай-ақ ведомство өкілдері көрінеу жалған хабарлама таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

Еске сала кетсек, бұған дейін де әлеуметтік желілерде еліміздің өзге де өңірлеріндегі мектептерге терроризм жасалатыны туралы хабарламалар таратылған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама