Halyq Uni логотип
×

Балқашта оқ тиген офицердің әріптесі ұсталды

Зардап шеккен әскери қызметкердің жағдайы өте ауыр

 Еркеғали Болатұлы 02.06.2022 | 10:55
Балқашта оқ тиген офицердің әріптесі ұсталды
фото: ашық дереккөз

Таяуда Балқаш гарнизонында қаруды қолданудағы қауіпсіздік шарасын бұзған лейтенант жарақат алған еді. Сол мәселеге орай Бас әскери прокуратура ресми мәлімдеме жасады.

«Бұған дейін БАҚ-та Балқаш қаласында әскери қызметкердің оққа ұшқаны туралы хабарлама жарияланған болатын. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. ІІМ Орталық өңірлік әскери тергеу басқармасының Қарағанды бөлімімен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды», - делінген хабарламада.

Ал дәрігерлердің мәліметінше, 53898 әскери бөлімінің зардап шеккен әскери қызметкеріне ота жасалған. Қазір оның жағдайы өте ауыр.

Оның күдікті әріптесі 31 мамырда ұсталып, Балқаш қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кешенді жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Тергеу мүддесін көздейтін басқа ақпарат жария етілмейді, - деп хабарлады Бас әскери прокуратура.

Сондай-ақ ведомство өкілдері азаматтарды, әлеуметтік желі қолданушыларын тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама