×

Ақтөбе облысында полицей адасып кеткен тұрғынды өлімнен құтқарды (ВИДЕО)

Ол ауруханаға жатқызылды

 Дәурен Ерболат 18.04.2024 | 17:44
фото: Halyq Uni

Ақтөбе облысында учаскелік полиция инспекторы жоғалып кеткен тұрғындарды тапты, деп хабарлады Polisia.kz.

16 сәуірде түнде Алға ауданы Маржанбұлақ ауылының тұрғыны учаскелік полиция инспекторы Ерік Есеновке хабарласып, ЗиЛ көлігімен балшыққа батып қалғанын, ауылға қарай жаяу жүріп адасып кеткенін, жанындағы ауылдасының астма ұстамасы ұстап қалғанын айтқан.

Полицей ауылдың фельдшеріне хабарласып, олар «Нива» қызметтік көлігімен жоғалған адамдарды іздеуге шыққан. Учаскелік полиция инспекторы бұл жерлерді жақсы білгендіктен адасқан ауыл тұрғындарын тапқан. Дәрігер науқасқа алғашқы медициналық көмек көрсетіп, ауруханаға жеткізді.

Құтқарылған адамдар учаскелік полиция инспекторы мен  фельдшерге алғыс айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама