×

Қостанай облысынының тұрғынынан 4 келі гашиш тәркіленді

Күдікті бұрын осындай қылмыстары үшін 3 рет сотталған болып шықты

 Динара Амантай 18.04.2024 | 11:43
Фото: polisia.kz

Қостанай облысында полиция тұрғыннан 4 келіден астам гашиш тәркіледі, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Күдікті есірткінің бір бөлігін туыстарының бірінің пәтерінде өрт сөндіргіште, қалған бөлігін үйінде сақтаған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 46 жастағы рудныйлықты ұстады. Ведомство оның бұған дейін осындай қылмыстар үшін 3 рет сотталғанын атап өтті.

Қылмыс санкциясы 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. Қазір күдіктінің мүлкі тәркіленіп, ол уақытша ұстау изоляторында отыр, – деді басқарма бастығы Нұржан Ахметов.

Жалпы, жыл басынан бері облыс полициясы заңсыз айналымнан 32 келіден астам түрлі есірткі, оның ішінде 1,5 келі синтетика тәркілеген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама