Қызылордада оқушы қыз қылмыскерді ұстауға көмектескен

Динара Амантай

ПБ бастығы жас батырды марапаттады

Фото: polisia.kz

Қызылорда қалалық ПБ бастығы қылмыскерді ұстауға көмектескен оқушыны марапаттады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қызылордалық полицейлерге қылмыскерді ұстауға көмектескен Т. Рысқұлов атындағы №222 атындағы орта мектептің оқушысы Айзере Сағидулланы басқарма бастығы Айдар Қасанов марапаттады.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 13 сәуірде Қызылорда қаласының тұрғыны «102» арнасына Volkswagen passat автокөлігі терезесінің ашық қалғанын пайдаланып, көлік ішінен ақша ұрлап кеткендігі жөнінде хабарлама берген. Аталған хабарлама бойынша жедел тергеу тобы құрылып, оларға 10 жастағы Айзере Ермекқызы қылмыскердің автокөлікке қалай кіргенін, ішінен ақша ұрлап жатқанын және қай бағытқа кеткенін айтып, оны ұстауға көп септігін тигізген.

Басқарма бастығы Айзеренің бұл ерлігін бағалап, алғыс хатпен және бағалы сыйлықпен марапаттап, осындай тәрбиелі қызды өсіріп отырған ата-анасына алғыс білдірді.