×

Павлодар облысында Ертіс өзеніне жіберілетін судың көлемі азайтылады

Алдағы 10 күн бойы суды секундына 3 200 текше метр деңгейінде жіберу жоспарланып отыр

 Дастан Жұмабекұлы 17.04.2024 | 16:24
Фото: 7kun.kz

Семей қаласында көпірдің құрылысы маңында судың тұрып қалуына байланысты су деңгейі жоғары көтеріліп жатыр, деп хабарлады Павлодар облысының әкімдігі.

Әкімдіктің хабарлауынша, осы мәселеге байланысты Ертіс бассейндік инспекциясымен Шүлбі су қоймасынан жіберілетін судың көлемін азайту туралы шешім қабылданды. 

16-24 сәуір аралығында Ертіс өзеніне жіберілетін судың көлемі секундына 3 200 текше метр болып тұр. Сонымен қатар, өткен жылы жіберілген судың көлемі 3 тәулікте секундына 2 600-2 800 текше метр болған.  Биыл судың максималды жіберілуі 3 күн бойы секундына 3 500 текше метр деңгейінде болды. Алдағы 10 күн бойы суды секундына 3 200 текше метр деңгейінде жіберу жоспарланған, – делінген хабарламада.

Осылайша, Павлодар облысының аумағына табиғатты қорғау мақсатында жіберілетін судың болжамды көлемі шамамен 6 текше шақырым болып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама