×

Елде ең жас аналардың қайда тұратыны белгілі болды

Бала туу көрсеткіші бойынша СҚО тізімнің соңында тұр

 Дәурен Ерболат 02.06.2022 | 10:21
фото: ашық дереккөз

Қазақстандық әйелдер тұңғыш баласын 25 жасында дүниеге әкеледі. Бұл туралы ranking.kz хабарлады.

Елде ең жас аналар Түркістан облысында тұрады десек, алматылықтар ата-ана болуға әзір асығыстық танытпайды екен.

2021 жылы адам көп шоғырланған Түркістан облысында ең көп бала (65,1 мың сәби) дүниеге келген. Өткен жылмен салыстырғанда, көрсеткіш 6,2 пайыз өскен. Үздік үштікке Алматы облысы (55,2 мың сәби, бір жылда +1,5 пайыз) және Алматы қаласы (37,9 мың сәби, бір жылда +6,7 пайыз) енді.

Бала туу көрсеткіші бойынша СҚО тізімнің соңында тұр. Онда барлығы 6,5 мың сәби дүниеге келген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 5,7 пайызға аз.

Сондай-ақ Қостанай және Павлодар облыстарында бала туу көрсеткіші азайған. Ал ең көп өсім Шымкентте тіркелді. Бір жылда көрсеткіш 35,4 мың адамға артқан, +11,5 пайыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама