Halyq Uni логотип
×

Көлік апатын арттырған: мопед жүргізушілеріне де талап күшейеді

Заң бойынша мопед толыққанды көлік саналады

 Дәурен Ерболат 17.04.2024 | 12:04
Көлік апатын арттырған: мопед жүргізушілеріне де талап күшейеді
Фото: Halyq Uni

Мәжілістің жалпы отырысында «Жол жүрісі туралы» заңға жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі. 

Заң жобасы депутаттардың бастамасымен әзірленген.

Құжат – көліктің осы түрінің қозғалысын реттеу жөніндегі жұмыстың жалғасы. Бұл – жолдардағы мопедтердің көбеюімен байланысты. Бүгінде мопед – ең қолжетімді көлік түрінің бірі. Алайда олардың санының артуы жолда көлік апатының артуына әкеп соғып отыр. Тек 2023 жылы (мопедтердің кесірінен) 750 жол апаты тіркелді. Бұл – 2022 жылмен салыстырғанда, 4 есе көп, - деді депутат Екатерина Смышляева.

Заң жобасында төмендегі нормалар бар:

  • Қозғалтқыш көлемі 50 текше см-ден төмен мопедтерді мемлекеттік тіркеу;
  • Мопед жүргізушісіне қойылатын талаптарды белгілеу;
  • Жергілікті атқарушы органдарға электр самокаттарды пайдалану тәртібін айқындау бойынша құзырет беру;
  • Жол қауіпсіздігін цифрландыру.

Сондай-ақ Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекс аясында төмендегі нормалар бар:

  • Рұқсат етілген жылдамдықты әлдеқайда асырып жүретін адамдардың жауапкершілігін күшейтуді енгізу;
  • Мопед жүргізушісін механикалық көлік жүргізушісімен теңестіру;
  • Лауазымды адамның жолдарды және жол құрылыстарын күтіп-ұстауға байланысты қайталама құқықбұзушылық үшін жауапкершілігі артады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама