×

Су басқан аймақтағы сотталған ер адамдар әйелдер колониясына орналастырылды

Оларды тасымалдау үшін арнайы автокөліктер мен теміржол вагондары тартылды

 Динара Амантай 17.04.2024 | 10:41
Фото: polisia.kz

Су басу қауіпіне байланысты, Ұлттық ұлан қарауылдары БҚО мен СҚО-дан 1 700-ден астам сотталған азаматты елдің басқа мекемелеріне жеткізді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Батыс Қазақстан облысындағы су тасқыны жағдайының нашарлауына және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің су басу қауіпіне байланысты, сотталғандарды Қазақстан бойынша басқа түзеу мекемелеріне жеткізу туралы шешім қабылданды. Осыған байланысты 7552 (Алматы қаласы), 6505 (Қарағанды қаласы) және 6655 (Ақтөбе қаласы) әскери бөлімдеріндегі Ұлттық ұланының әскери қызметшілері қысқа мерзімде Орал қаласынан 700-ге жуық сотталғанды теміржол қарауылымен шығарды. Оларды тасымалдау үшін арнайы автокөліктер мен теміржол вагондары тартылды.

Хаттама бойынша барлық қажетті рәсімді іске асыру үшін құқықтық тәртіп әскерінің 400-ден астам әскери қызметшісі жұмылдырылды.

Өткен аптаның соңында Қазақстанның солтүстігінде сотталғандарды осындай тасымалдау жүргізілген. Мәселен, Петропавл қаласының №48 мекемесін су басу қауіпіне байланысты осы облыс орталығындағы әйелдер колониясына (№50-мекеме) 750-ден астам ер адамды орналастыру туралы шешім қабылданды. Бірақ алдымен 300-ден астам әйел ол мекемеден шығарылды.

Сотталған әйелдер Қарағанды облысындағы Көксүн кентіндегі ҚАЖД мекемелеріне жеткізілген.

Петропавл қаласының тергеу изоляторындағы қамауда отырған адамдарға қатысты осындай шаралар қабылданды және олар Көкшетау қаласына шұғыл эвакуацияланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама