×

Жасөспірімдерге арналған жалғыз колонияда 63 бала жазасын өтеп жатыр

Тең жартысы кісі өлтіру, зорлық-зомбылық сияқты аса ауыр қылмыс жасаған

 Еркеғали Болатұлы 02.06.2022 | 10:04
фото: ашық дереккөз

Кеше темір торға тоғытылған жасөспірімдер Балаларды қорғау күнін ата-анасымен бірге өз үйінде тойлай алмады. Сол себепті, Алматыда еліміздегі жасөспірімдерге арналған жалғыз түзету колониясы – ЛА-155/6 түзету мекемесінде мейрамға орайластырып Ашық есік күні өткізілген. Онда кәмелетке толмаған сотталушылар жақындарымен көрісіп, сағынышын басты.

70 жылдық тарихы бар түзету колониясында қазір 15-21 жас аралығындағы 63 жасөспірім жазасын өтеп жатыр. Оның тең жартысы кісі өлтіру, зорлық-зомбылық сияқты аса ауыр қылмыс жасаған. Жалпы, олар үшін Ашық есік күні жылына екі рет өткізіліп тұрады.

«Бізде психологиялық жұмыс көп жүргізіледі. Жас балалар ғой, қанша дегенмен. Оларды істеген қылмыстық іс-әрекеттеріне өкініп қалмай, болашақта аяққа нық тұрып кететін дәрежеге келтіру керек», - дейді Алматы қаласы ҚАЖД тәрбие жөніндегі бас маманы Мадияр Қонқанов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама