Қала әкімдігі әкімшілік шаралар қабылдайтын болады
Алматыда сазды лай көшкінінің жүруіне заңсыз салынған құрылыс себеп болған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жауын-шашынның мол түсуі салдарынан Керей-Жәнібек хандар көшесі бойында сазды лай көшкіні болып, асфальттың бір бөлігі істен шықты және кәріз желілері бітелген. Қазір коммуналдық қызметтер лайды соруды жүргізу арқылы ағынның бағытын бұрған. Ауа райы жақсарған соң, жол жабыны қайта төселеді.
Тексеру барысында сазды лай жылжуының тау бөктері бір бөлігінің ойылуынан және «Мұзтау» шағын ауданында салынған құрылыстардың салдарынан болғандығы анықталды.
Меншік иесі шаруа қожалығын жүргізуге арналған жерде рұқсат құжаттарынсыз құрылыс жұмыстарын бастаған.
Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы меншік иесіне қатысты жоспардан тыс тексеруге бастамашылық жасап отыр. Оның нәтижелері бойынша жер учаскесін бастапқы қалпына келтіру үшін жіберілген бұзушылықтарды жоюға нұсқама бере отырып, ҚР ӘҚБтК-нің 316-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік шаралар қабылдайтын болады, – делінген әкімдік хабарламасында.