×

«Ақшаны өз аяқтарыңмен алып келіңдер!»: мұғалімдер чатындағы жанжал қызу талқыға түсті

Білім басқармасы оқиғаға қатысты пікір білдірді

фото: bilimdi.el

Әлеуметтік желіде Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының мұғалімдері чатындағы жанжал қызу талқыланып жатыр. 

Tengrinews.kz сайтының жазуынша, чатта белгісіз әйел курсқа барлық мұғалім қатысуға міндетті екенін, тізімді тексеретінін, ақшаны қолма-қол алып келу керектігін, 215 мұғалімнің 124-і ақылы жазылғанын айтады.

«Ешқандай банк картасымен емес, төлемді өздеріңмен бірге алып келіңдер. Қатыспайтындар директордың қолы қойылған түсіндірме хат әкеліңдер», - дейді әйел.

Алматы облысының білім басқармасы оқиғаға қатысты пікір білдірді. Басқарманың мәліметінше, осы оқиғаға қатысты аудандағы оқу-әдістемелік орталығының қызметкерлері жазаланған.

«1-4 маусым аралығында Еңбекшіқазақ ауданында екі күндік ақылы ағылшын тілі курстары өтті. Біз ақылы курстар мен семинарлар өткізуге қатаң тиым саламыз. Аудандағы оқу-әдістемелік орталығының қызметкерлері тиісті жазаларын алды», ​​- деді басқарма.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

ШҚО-дағы 197 елді мекенде әлі күнге дейін мобильді интернет жоқ

Бұл мәселені 2025 жылға дейін шешеміз, - дейді министр
28.05.2023 | 15:15

Астанада емханалардың жеке медициналық зертханаларға қарызы 5 млрд теңгеге жетті

Мәселе қаржыландырудың жеткіліксіздігіне байланысты, - дейді Абай Ахметбек
28.05.2023 | 14:23

Ашаршылық туралы кітап пен Абай үйі: Кельнде Еуропа қазақтарының құрылтайы өтіп жатыр

Еуропадағы қазақ мәдени ұйымдарының саны артып келеді
28.05.2023 | 14:05

Елордада тағы 12 автобустың бағдары өзгерді

Өзгерген қозғалыс сызбасымен сілтемедегі сурет арқылы танысуға болады
28.05.2023 | 13:47